Мейлі кітап иелерінен, мейлі мүшріктерден болсын – (Құранға және Алла елшісіне сенбей) күпірлік еткендер өздеріне айқын дәлел келгеннен кейін (ұстану керек болған) тура жолдан тайды.
(Тән мен жан тазалығына ие жандар ғана ұстай алатын қателік пен қайшылықтан, жалған атаулыдан ада) пәк парақтарды оқып, ақиқатты насихаттаған Алла тарапынан жіберілген елші (келгеннен кейін, біліп тұрып тура жолдан тайды).
3
فِيهَا كُتُبࣱ قَيِّمَةࣱ
Ол парақтарда (иман және өмірге қатысты) керемет тәлімдер мен үкімдер бар.
Әйтпесе оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық өтеу бұйырылған еді. Нағыз тура, мінсіз дін, міне, осы!
Расында, мейлі кітап иелерінен, мейлі мүшріктерден болсын (өздеріне айқын дәлелдер келген соң) күпірлік еткендер жаһаннам отына түседі және онда мәңгі-бақи қалады. Міне, солар – жаратылыс атаулының ең жаманы.
Олардың сый-сияпаты Раббыларының дәр-гейінде: (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын мәңгілік Адн жаннат бақшалары, олар онда мәңгі-бақи қалады. Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады.
Quran.kz қосымшасы
Құран, кітаптар, аудиокітаптар және хатым телефоныңызда.